Қоғам
1 мин оқу 1,053

Шекарашылар жас қыздың өмірін сақтап қалды

<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 20 наурызда ҰҚК ШҚ Қордай ауданы бойынша басқармасының әскери қызметшілері шекара маңындағы тылдық аудандарды патрульдеу кезінде қараусыз қалған қорадан білегі кесілген бойжеткенді (1999 ж.т.) тауып алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қыз бала Қаракемерге жеткізіліп, ата-аналарының қарауына берілді, сондай-ақ осындай әрекетке барудың себептерін анықтау үшін құқық қорғау органдары xабардар етілді.

Бөлісу:
Шекарашылар жас қыздың өмірін сақтап қалды · Egemen Qazaqstan