Қазақстанға ұшып келген екі жолаушыдан індет белгілері анықталды
<p style="text-align: justify;">Ведомство аралық комиссияның Телеграмдағы парақшасында 24 наурызда халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Кеше Қазақстанның аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Монғолия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі қонды.
5 176 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 133 адам, анықтамасыз 43 ҚР азаматы болды. Соның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 813 жолаушы, анықтамамен – 2 781, анықтамасыз – 32;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен – 716; анықтамасыз – 11;
Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 1 115 жолаушы анықтамамен;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 471 жолаушы анықтамамен;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 50 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр. Ал анықтамасыз келген 32 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Ыстанбұл – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Киев – Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген.
