Пікір
1 мин оқу 370

Жер пайдасын толық көре алмай отырмыз

<p style="text-align: justify;">Ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жердің шетелдіктерге жалға да берілмей, сатылмайтыны туралы шешімін атап өтпеске болмас. Бұл халықтың көптен күткен шешімі еді. Бәріміз бір адамдай осыны қаладық.</p>

Жер пайдасын толық көре алмай отырмыз

Бізге қазір бос сөз емес, нақты іс керегін түсінуіміз керек. Келелі пікірлерге кө­ңіл бөлген орынды.

Ең маңыздысы – негіз­гі бағыттан айнымай, ел­дің игілігін мақсат етіп дұ­рыс заң қабылдап, заң­ға оңтайлы, халықтың үдесінен шығатын өзгеріс енгізуге атсалысу маңызды.

Шыны керек, Қазақс­тан­да жерді өз ретімен қол­дану ісінде кемшіліктер бар. Солардың барлығы уа­­қыт талабы­на сай рет­телу­ге тиіс. Жерді ауыл ­шар­­уа­­шы­лы­ғына­ пайда­лану­шы­лар­дың әле­уе­тін көтеруге көңіл бөлу қа­жет. Біз ұлан-байтақ же­рі­­­міздің әле­уе­тін өз дең­гейінде қолдана алмай келе­міз. Құнарлы жерлердің пай­дасын толық көре алмай отырмыз. Бұл орайда, техникалық, технологиялық кедергілерді жойып, тиісті шарттар мен ережелерді уақыт сұранысына сай өз­­герт­кен абзал. Осыны ескер­сек, өнімділік 2-3 есе ар­та­ды.

Тағы бір байқағаным, еліміздің ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласының ІЖӨ-дегі үлесі аз. Қазіргі таңда шамамен 5 пайызға жуықтайды. Ал көршілес Өзбекстан, Украина елдерінде ауыл шаруашылығының үлесі жоғары. Біз ең кем дегенде 15 пайызға жет­кізуді мақсат етуіміз қажет. Сол кез­де ауылдың, ауыл халқының да әлеу­мет­тік жағдайы жақ­са­рады.

Айдарбек ХОДЖАНАЗАРОВ,

«Олжа Агро» ЖШС бас директоры

Бөлісу:
Жер пайдасын толық көре алмай отырмыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар