Оқиға
1 мин оқу 190
Әлем кубогында бақ сынауда
<p style="text-align: justify;">Болгарияның София қаласында көр­кем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңдік бәсекесі өтіп жатыр. Бұл – пан­демияға бай­ланысты ұзақ үзілістен кейінгі көр­кем гимнастика бойынша алғашқы жарыс­тардың бірі.</p>

Софиядағы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасынан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова жүлделі орындарға таласқан болатын. Алайда екі спортшымыз да төмен нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан да көріне алмады. Мәселен, Алина 80,150 ұпаймен – 26-шы, Адиля 79,200 ұпаймен 31-ші орынды қанағат тұтты. Бұл сында израильдік Линой Ашрам 98,450 ұпаймен топ жарды. Екінші орынға болгариялық Боряна Калейн (98,250), үшінші орынға Беларусь өкілі Алина Харнаско (96,150) жайғасты.
Бөлісу:
