Қазақстан
1 мин оқу 493

Қазақстанда бір аптада 2 862 қылмыс жасалған

<p style="text-align: justify;">Онлайн режімдегі брифингіде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткен аптада ел аумағында 2 862 қылмыс жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Бір апта ішінде 2 862 қылмыс жасалды, оның 1 982-сі тәулік ішінде ашылды», деді баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 47 тонау және 433 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Брифинг барысында адам саудасы фактілерін тергеу, интернет-алаяқтықты тергеу бағытындағы жұмыстар жайында мәлімет берілді.

Бөлісу:
Қазақстанда бір аптада 2 862 қылмыс жасалған · Egemen Qazaqstan