Экономика
2 мин оқу 410

Жеңіл өнеркәсіп: импорттың үлесі басым

<p style="text-align: justify;">Qazindustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық жеңіл өнеркәсіптің 2020 жылғы қорытындысын жариялады. Былтыр салада 128,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2019 жылғы деңгейден 11 пайызға жоғары.</p>

Жеңіл өнеркәсіп: импорттың үлесі басым

Жеңіл өнеркәсіптегі негізгі үлес тоқыма өндірісіне тиесілі – 70,8 млрд теңге. Одан кейінгі орында киім өндірісі тұр – 46,3 млрд теңге. Былғары өндірісінің көлемі – 11,6 млрд теңге.

Орталықтың мәліметінше, былтыр саладағы өнімнің нақты көлем индексі 115 пайызды құ­раған. Жеңіл өнеркәсіптің бар­лық бағытында өсім тіркелген. Мәселен, тоқыма бұйымдары өндірісінің нақты көлем индексі 104,5 пайызға тең. Бұл бағыттағы өсім мақтадан жасалған маталар (+59 пайыз), химиялық немесе штапельді талшықтардан жасалған маталар (+61 па­йыз), өзге де тоқыма бұйымдар (+30 пайыз) өндірісі есебінен қалыптасқан.

Киім өндірісінің нақты көлем индексі 105,5 пайызға тең. Не­гізінен өсімге әйелдердің жұмыс киімінің 2,4 есе өсуі оң әсер еткен. Бұдан бөлек, өсімге өзге де жұмыс киімдері (+72 пайыз), тенниска, майка мен шорты, фуфайка және трикотаж бұйымдары (+43 пайыз) да өз үлесін қосты.

Былғары өндірісінің нақты көлем индексі – 231,1 пайыз. Өсімге спорттық, тұмсығында металл қорғанышы бар, әртүрлі арнайы аяқ киімдер шығару оң әсер берген. Сондай-ақ жақсы көрсеткіш былғарыдан жасалған аяқ киім өндірісінің 9 есе өсуіне байланысты. Бұған үлбір, иленген терілердің өсімін (+15 пайыз) қосыңыз.

Былтыр жеңіл өнеркәсіп өнім­дерінің экспорты 2019 жылмен салыстырғанда 23 пайызға қысқарып, 131,9 млн долларды құрады. Біздің өнімдер негізінен Ресей, Қытай және Латвия ел­деріне экспортталады.

2020 жылғы қаңтар-қараша­да жеңіл өнеркәсіп өнімдері­нің импорты 1 млрд 562 млн долларға тең болған. Бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 2 па­йызға төмен. Экспорттық және импорттық жеткізілімнің қыс­қаруы COVID-19 пандемиясына қатысты енгізілген карантиндік шараларға байланысты. Біз негі­зінен Қытай, Ресей және Түркия өнімдерін тұтынып отырмыз.

Өткен жылдың 11 айын­да ел­дегі жеңіл өнеркәсіп нары­ғы­ның көлемі 1,7 млрд долларды құрады. Оның 8,4 пайызы – отан­дық тауар өндірісі. Ал импорт­тық өнімнің үлесі – 91,6 пайыз.

Жеңіл өнеркәсіп еліміздің төрт өңірінде – Шымкент және Алматы қалаларында, Түркістан және Алматы облыстарында жақсы дамыған. Шымкент рес­публика өндірісінің 23 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Түркістан облысының үлесі – 14,4 пайыз, Алматы облысы – 13,2 пайыз, Алматы қаласы –10 пайыз.

Бөлісу:
Жеңіл өнеркәсіп: импорттың үлесі басым · Egemen Qazaqstan