Президент
1 мин оқу 7,991

Елбасы Чехия сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Чех Республикасының Сыртқы істері министрі Любомир Заоралекпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Чехия сыртқы істер министрін қабылдады

— Чех Республикасы мемлекеттілігінің жеңіл қалыптасу үрдісін бірегей құбылыс деп атауға болады. Еуропадағы экономикалық қиындықтарға қарамастан елдеріңіз қазіргі уақытта қарыштап дамып, Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Л.Заоралек Қазақстан Президентіне Чехия Президенті М.Земеннің хатын табыстады және оның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Бөлісу:
Елбасы Чехия сыртқы істер министрін қабылдады · Egemen Qazaqstan