Әлем
1 мин оқу 6,350

Танзания президентімен қоштасу рәсімінде 45 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Танзания президенті Джон Магуфулиді жерлеу рәсімінде адамдар стадионға бекітілген жолдан айналып өтпекші болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тұрғындар қоштасу рәсімі өткен Дар-эс-Саламе қаласындағы стадионға бекітілген жолдан айналып өтуге тырысқанымен, 35 адам түрлі жарақат алып, 45-і оқиға орнында көз жұмды. Магуфулиді жерлеу рәсімі 26 наурызда Танзанияның солтүстік-батысындағы Чато қаласында өтті.

Қайтыс болған мемлекет басшысымен қоштасу рәсімі бүкіл елде алты күн бойы өтеді. Дар-эс-Саламе қаласындағы стадионда оқиғалардан кейін билік арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдады. Джон Магуфули 17 наурызда 61 жасына қараған шағында Дар-эс-Саламның ауруханасында жан тәсілім етті.

1

Айта кетейік, індет басталған шақта Магуфули Танзаниядағы коронавирустың бар екеніне күмән келтіріп, аурудан қорғану үшін дұға ету керектігін айтқан еді. Маусым айында ол елінің коронавирусты «Құдайдың рақымымен» жеңгенін мәлімдеді.

Бөлісу: