Білім
1 мин оқу 361
ІV тоқсан басталды: Оқушылар эпидемия жағдайында қалай оқиды?
<p style="text-align: justify;">Ведомствоаралық кеңестің коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шешіміне және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес IV тоқсанда мектеп оқушыларын оқыту форматы өңірдегі эпидемиялық жағдайға байланысты болмақ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Министрлік мәліметіне сәйкес, жасыл және сары аймақтарда орналасқан өңірлерде барлық оқушы аралас оқыту форматына көшеді.
Қызыл аймақта орналасқан өңірлерде 1-5 сыныптар, 9, 11 (12) сыныптар үшін, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сыныптары үшін оқытудың аралас форматы сақталады, ал 6, 7, 8, 10 сыныптар қашықтан оқытылады.
Бөлісу:
