Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.<br /><br /></p>
3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің Tayota Camry 50 маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кетеді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім. Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласы.
Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
