Қоғам
1 мин оқу 291
Грэмми жүлдесін алғалы қажеттілік те, табыс та артты - Иманбек Зейкенов
<p style="text-align: justify;">Иманбек Зейкеновтің Грэмми сыйлығын алғалы бері табысы артқан. Бұл туралы ол «По студиям» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Грэмми жүлдесін алғалы қажеттілік те, табыс та артты. Әлі де Ақсу қаласынан көшкен жоқпын. Егер үлкен қалаға қоныс аудару керек болып жатса, Нұр-Сұлтан қаласына көшер едім», деді И. Зейкенов.
Сондай-ақ Иманбек Зейкеновтің менеджері Кирилл Грэмми күйсандығы әлі қолдарына тимегенін айтты. Оны Грэмми ұйымдастырушылармен арнайы келісімшарт жасасқан логистикалық компания жеткізіп беруі тиіс көрінеді.
Бөлісу:
