Аймақтар
1 мин оқу 2,070

Көкшетауда 3 көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Көкшетау қаласында үш көліктің соқтығысуымен жол апаты болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда жол апаты 6 сәуірде түнгі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының Н.Назарбаев даңғылында болған.

Ниссан, Лада және Гольф көліктерінің соқтығысуы салдарынан Лада-гранта көлігінің жолаушысы әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Айта кетейік, жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда жол апат Н.Назарбаев даңғылының бойында Теннис орталығының маңында орын алғаны айтылған.

Бөлісу:
Көкшетауда 3 көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды · Egemen Qazaqstan