Әдебиет
1 мин оқу 515

Ерекше жәдігер

<p style="text-align: justify;">Байзақ аудандық тарихи өлкетану музейінде үш мыңнан аса жәдігер бар. Сондағы кітаптар қорында тіркелген мына бір &laquo;қызыл кітап&raquo; өзінше ерекше. Ерекше дейтініміз &ndash; ол әрі құнды, әрі ескі дүние.</p>

Ерекше жәдігер

1937-38 жылдары баспа­дан шық­қан кітапта әйгілі жыр­шы Жамбыл Жабаевтың өлең­дері топтастырылған. Айта кетер­лігі, ұлы ақынның «Ленин мавзо­лейінде», «Орден алғанда», «Халықтан сәлем», «Одақтас», «12 декабрь», «Ұлыма», «Бала­ларға», «Алатау» және тағы басқа шығар­малары латын әріпінде жазылған. Кітап музей келушілеріне осынысымен де қызық.

Қазақ халық поэзиясының әй­гілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жам­был Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Ел өміріндегі жетістік пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлікті айрықша ша­быт­пен жырлаған ақынның өлеңдері ағылшын, болгар, чех және әлемнің басқа тілдеріне аударылған дейтін болсақ, латын әріпінде жарияланған осынау ерекше кітапты музейге ауданымызға қарасты Жаңатұрмыс ауыл­­дық округі Ақшолақ орта мектебінің мұға­лімі Рахманов Төлжан Төле­ген­ұлы сыйға берген.

«Кітап – сарқылмас рухани қазы­на. Жақсы кітап жан дүние­мізді нұр­ландырып, жүрегімізді айнадай жар­қыратады. Ал мынадай ұлы тұлға­ның туындысы тек менің үйімдегі сө­реде емес, көпшілік көретін жерде тұруы тиіс деп шешіп, аудандық музейге табыстаған болатынмын. Әсіресе, кейінгі жас ұрпақ көп кітап оқыса екен», дейді ұлағатты ұстаз.

Айдана ШОТБАСОВА,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Ерекше жәдігер · Egemen Qazaqstan