Аймақтар
1 мин оқу 637

Көкшетауда емдеу мекемесінің басшысы ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде &laquo;Авиценна&raquo; емдеу-алдын алу мекемесінің басшысы Жанар Молдантаева ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты судьясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен күдікті Жанар Молдантаеваға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Сотқа дейінгі тергеу органдары Ж.Молдантаеваға Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігінің 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтіріп отыр», дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Бөлісу:
Көкшетауда емдеу мекемесінің басшысы ұсталды · Egemen Qazaqstan