Қызылордада өртенген пәтерден 7 адам құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласында көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Департамент мәліметінше, оқиға 8 сәуір күні 14.35 кезінде облыс орталығындағы «Шұғыла» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған.
«Өрт сөндірушілер оқиға орына дереу жетті. Өрт сөндірушілер күшімен 7 адам құтқарылды. Төтенше жағдай салдарынан пәтер ішіндегі асхана және қонақ бөлмелері өртенді. Тілсіз жау толығымен сөндіріліп, оған өртке қарсы қызметтен 17 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
