Аймақтар
1 мин оқу 193
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасаған көлік жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оның өтуіне кедергі жасаған көлікті видеоға түсіріп алған. Оқиға Қарасай ауданында болған.
Жедел-іздестіру шарасында полицейлер 37 жастағы жүргізушіні анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бөлісу:
