Президент
1 мин оқу 315

Мемлекет басшысы Бас мүфтиді қабылдады

<p style="text-align: justify;">Наурызбай қажы Тағанұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша биылғы атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде Оразаның ұйымдастырылу ерекшеліктері, жасап жатқан қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берілді. Сонымен қатар елордада Ислам академиясын құру жұмыстарының басталғаны туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, бүкіл әлем бастан өткеріп отырған пандемия кезінде жамағатты сабырға шақырып, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Президентті Рамазан айының алғашқы күнімен құттықтап, «Муфтият» баспасынан жақында жарық көрген «Тәпсірлердің таңдаулысы» атты Құранның қазақ және орыс тілдеріндегі 8 томдық аудармасын табыстады.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Бас мүфтиді қабылдады · Egemen Qazaqstan