Аймақтар
1 мин оқу 1,290
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті
<p style="text-align: justify;">Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлады. Балконның бетон плитасы мен кірпіштері үйдің алдында тұрған көліктің үстіне түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 14:42 облыс орталығындағы Кенесары көшесі 25 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде болған.

«Анықталғандай, көппәтерлі тұрғын үйдің ең жоғары 5 қабатындағы пәтердің балконы құлаған. Оқиға орнына ТЖД 3 техникасы мен 14 қызметкері барып, құлаған балконның орнындағы кіріпіш сынықтарын тазалады. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», деді ведомстводан.
Бөлісу:
