Оқиға
1 мин оқу 280

Екібастұздағы «Майнинг» фермасы отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Екібастұз қаласының іргесінде орналасқан &laquo;майнинг&raquo; фермасынан өрт шықты. Бүгінде өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Екібастұздағы «Майнинг» фермасы отқа оранды

«Солнечный» кентіне қарасты «BTC-KZ»-те өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:01-де түсті. «Майнинг» фермасы аумағында майнинг пен қабырғаларды қаптауға арналған жабдықтар жанған. Жалпы ауданы 150 шаршы метрді өрт шарпыды», дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

Оқиға орнында 14 адам мен 3 техника жұмылдырылған. Әзірге зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын тек 17.37-де ауыздықталған.

Еске сала кетейік, «Солнечный» кентінде орналасқан «BTC-KZ» ЖШС бұлтты майнинг қызметін әлем бойынша үш мыңға жуық тұтынушыға қызмет көрсетеді.

Гаухар ҚАПАШ 

Бөлісу:
Екібастұздағы «Майнинг» фермасы отқа оранды · Egemen Qazaqstan