Білім
1 мин оқу 581

ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space">&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</span>&laquo;Ұлттық тестілеу орталығына&raquo; сілтеме жасап. </span></p>

Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады. 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі бар.

Тестілеудің өзі 25 сәуір - 30 маусым аралығында өтеді. Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсуге болады. Биылғы - 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.

Бөлісу:
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды · Egemen Qazaqstan