Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz.</a></p>

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолда 44 жастағы қала тұрғыны түнде жолды кесіп өтпек болғанда жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты.
«Жүк көлігінің жүргізушісі – Түркия азаматы. Ол Оңтүстік айналма жолмен жүрген кезде әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен жүргінші есін жимастан аурухана төсегінде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
