Жаңалықтар
1 мин оқу 941

Елордадағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланды

<p>Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Елордадағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланды

Полицияның деректеріне сүйенсек, Триатлон саябағындағы шамдарды екі ай бойы көше және саябақ жарығына жауапты ЖШС-нің үш қызметкері ұрлап келген. Олар түнгі уақытта саябақ аумағына кіріп, екі метрлік бағаналарға шығып, шамдарды бұрап алған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген шығын соммасы шамамен 8 миллион теңге.

«Түнгі уақытта тұрақты түрде саябақ аумағына кірген қызметтік автокөлік құқық қорғау органдарының қызығушылығын тудырды. Ұрлық жасады деген күдікпен полицейлер ЖШС-нің 32,49 және 50 жастағы үш қызметкерін ұстады. Анықталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен іс қозғалады. Қылмыстық іс тұрғысында заттай дәлелдемелер сатып алушыдан ішінара алынатын болады», делінген хабарламада.

Гаухар ҚАПАШ


Бөлісу: