Жаңалықтар
1 мин оқу 671

Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді

<p>Төртінші тоқсан басталғалы елімізде 3706 оқушы коронавирус жұқтырған. Мұндай деректерді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді

«Төртінші тоқсан басталғалы 3706 оқушы ауырып, оның ішінде офлайн білім алушылар арасында -1093, онлайн режимде оқитын 2613 бала инфекция жұқтырды. КВИ жұқтырған дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың басым бөлігі Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Онлайн режимде оқитындардың вирус жұқтыру көрсеткіші Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында басым болып тұр», деп нақтылады министр.

Бүгінде әлем бойынша КВИ-дің 141 миллионнан астам жағдайы тіркелген. 3 млн-нан астам адам қайтыс болып, өлім көрсеткіші 2,1%-ды құрады. Сырқаттану бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 221 елдің арасында 110-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр.

Гаухар ҚАПАШ


Бөлісу:
Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді · Egemen Qazaqstan