Коронавируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді
<p style="text-align: justify;">Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет шығындарын жоспалау баяндамасында коронавируспен күрес жұмыстарына биыл 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғандығын айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz">Egemen.kz.</a></p>

Үкімет отырысында 2021 жылға арналған нақты республикалық бюджет жобасына дауыс берілді.
Қаржы министрінің айтуынша, пандемиямен күрес жөніндегі жұмыстар мен бұрын қабылданған міндеттемелерге басымдық беріледі.
«Эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде
-карантин шараларын жүргізуге жұмылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге - 70 миллиард
-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 80 миллиард теңге», деді Жамаубаев.
Гаухар ҚАПАШ
