Технология
1 мин оқу 182

«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр

<p style="text-align: justify;">Бизнес қоғамдастықтың бастамасымен 2021 жылдың қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында &laquo;Ashyq&raquo; мобильдік қосымшасын енгізу бойынша ілкі жобаны жүзеге асыру басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі &ndash; Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Аталған жобаны кеңейту мақсатында, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес Ақтөбе, Көкшетау, Тараз және Талдықорған қалалары қосылды. 21 сәуірінен бастап бағдарлама фитнес-клубтарда, СПА-салондарда, сауналарда, бассейндерде, боулингтерде, бильярд залдарында, компьютерлік клубтарда, концерт залдарында, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеп тұр», деді вице-министр.

Жоба облысаралық және қалааралық тұрақты емес туристік тасымалдауға да енгізіліп жатыр.

«5 мамырдан бастап жобаға «жасыл» аймақтағы банкет залдары, сонымен қатар караоке-клубтар қосылатын болады. 26 сәуірден «Ashyq» жобасын республиканың барлық өңірінде тарату жоспарланып отыр. «Ashyq» жобасына «Info-Kazakhstan» сайты арқылы өтінім берген және қызмет түріне сәйкес QR-код алған, әкімдіктердің сайтына орналастырылған, 7 күндік оқудан өткен бизнес өкілдері қатыса алады», деді Ерлан Қиясов.

Бөлісу:
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр · Egemen Qazaqstan