Жарнама
 
Оқиға
1 мин оқу 450

Ақындар мен суретшілер бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл&shy;дығына орай Қара&shy;ғанды облысы әкімдігі мәде&shy;ниет, архивтер және құжаттама бас&shy;&shy;&shy;қармасының қол&shy;да&shy;уымен &laquo;Мәдениет пор&shy;&shy;талы&raquo; ақпараттық агент&shy;тігі ұйым&shy;дас&shy;тыр&shy;ған &laquo;Тә&shy;уел&shy;сіз&shy;дік: Сөз бен Су&shy;рет&raquo; атты ақын&shy;&shy;дар мен су&shy;рет&shy;ші&shy;лер арасындағы рес&shy;пуб&shy;&shy;ли&shy;калық онлайн-бай&shy;қауы жарияланды. Өнер бәйгесінің жалпы жүл&shy;де қоры &ndash; 7 600 000 теңге.</p>

Ақындар мен суретшілер бақ сынайды

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан жобаның негізі мақсаты – өңір-өңірдегі суретшілер мен ақындардың шығармаларын наси­хаттау һәм таныту, олардың туын­дылары арқылы Қарағанды об­лысының тарихи тұлғаларын, мә­дени ескерткіштерін, сакралды орын­дарын, табиғатын, тәуелсіздік кезеңінде өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың есімін асқақтату, поэ­зия мен сурет өнерінің үндестігін бағалау әрі бағамдау, оқырман қауымның модерндік ортасын қа­лыптастыру болып отыр. Қазақ және орыс тілінде өтетін өнер са­йысы­на қатысушы ақындар мен суретшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Кез келген дарынды үміткер бұрын жарияланбаған шығармасын «Мә­дениет порталына» тіркеу арқылы қатыса алады.

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы аясында жеңімпаз ақындардың өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, суретшілердің картиналарымен бірге арнайы альбом дайындалмақ. Сондай-ақ жүл­дегерлердің шығармаларынан құ­ралған альбом ағылшын және орыс тілді мемлекеттердің ұлттық кітап­ха­наларына жолданады. Мұ­нымен қоса альбом арнайы түсірілген бейнероликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көрмек.

Бөлісу:
Ақындар мен суретшілер бақ сынайды · Egemen Qazaqstan