Жарнама
 
Білім
1 мин оқу 473

Дәрігер мамандықтарына грант санын көбейту қажет – Президент

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірде медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау керектігін алға тартады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Айрықша күтімге мұқтаж балаларға қолайлы орта қалыптастырып, медициналық көмек беру үшін мамандандырылған сауықтыру орталығын салу мәселесін қарастыруды тапсырамын», дейді Президент.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп түлектеріне дәрігер мамандығы бойынша білім алуы үшін грант санын көбейту қажеттігін айтты.

«Қоғам өкілдері бірнеше жылдан бері облыс орталығында спортқа ерекше қабілеті бар дарынды балаларға арналған мектеп-интернат салу мәселесін көтеріп жүр. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп бұл мәселені де қарастыруды тапсырамын», дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Дәрігер мамандықтарына грант санын көбейту қажет – Президент · Egemen Qazaqstan