Спорт
1 мин оқу 240

Футбол: «Ордабасы» төртінші орынға көтерілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 24 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің жетінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды <a href="https://ru.egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Футбол: «Ордабасы» төртінші орынға көтерілді

Соңғы ойында Шымкентте «Ордабасы» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары кездесті. Оңтүстік өңірдің екі клубы арасындағы кездесу тартысты өтті.

Есепті алғаш болып «Ордабасы» шабуылшысы Жоао Паоло 21-минутта ашты. Одан кейін қызылордалық клубтан Каролис Лаукжемис 25, 36-минуттарда қос гол соғып, өз командасын алға шығарды. Осылайша бірінші кезең «Қайсардың» басымдылығымен аяқталды.

Екінші кезеңде алаң иелері қатарынан Тимур Досмағамбетов 61-минутта мергендік танытса, 63-минутта Жоао Пало өзінің екінші голының авторы атанды. Ал 88 -минутта Рубен Бриджидо қорытынды есепті белгіледі. «Ордабасы» қарсыласын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде турнир кестесінде «Қайратты» артқа тастап, төртінші орынға көтерілді.

Бөлісу:
Футбол: «Ордабасы» төртінші орынға көтерілді · Egemen Qazaqstan