Аймақтар
1 мин оқу 284

Рудныйда Тәуелсіздік аллеясы ашылды

Бүгін Рудныйда өткен жалпықалалық сенбілік барысында кеншілер шахарының орталығындағы«Достық» саябағында Тәуелсіздік аллеясының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рудныйда Тәуелсіздік аллеясы ашылды

Аллеяның алғашқы көшеттерін отырғызуға көпшілікпен бірге қала әкімі Қайрат Испергенов де қатысты.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылған аллея орталық саябағымыздың сәнін арттырып, ажарын аша түсетін болады. Бүгін 25 шырша көшетін отырғыздық. Шырша өсіп тұрған жерде ауа да таза болады. Бүгінгі шараға атсалысқандарыңыз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қаламыздың көркейе түсуіне үлес қосу осы тұрған әрқайсымыздың да міндетіміз деп білемін, - деді қала басшысы.

Тәуелсіздік саябағына алдағы уақытта сүмбіл теректер мен шаған көшеттері, басқа да бағалы ағаш түрлері отырғызылмақ.

Бөлісу:
Рудныйда Тәуелсіздік аллеясы ашылды · Egemen Qazaqstan