Коронавирус
1 мин оқу 161

ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы еліне депортацияланды

<p style="text-align: justify;">Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 25 сәуірде елге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше Қазақстанға АҚШ, Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 307 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 590 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 140 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 311 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 153 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 113 жолаушы.

Сонымен қатар 25 сәуірде Ташкент–Нұр-Сұлтан авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Бөлісу:
ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы еліне депортацияланды · Egemen Qazaqstan