Қоғам
1 мин оқу 192

Алтай Көлгінов Эверестті бағындырған Мария Әуезовамен кездесті

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов&nbsp;<a href="https://www.instagram.com/p/COJzvHxHK1H/?igshid=sobf0xz1u29b">Instagram</a>&nbsp;парақшасында Эверестке шыққан Мария Әуезовамен және оның командасымен кездескенін айта келе, жақында альпинистің аяғына протез алу арманы орындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Эверестті бағындырған елордамыздың тұрғыны Мария Әуезованың оқиғасын естіген шығарсыз. Мария – ерекше қажеттілігі бар қайсар тұлға. Ол 5364 м биіктікке көтерілді. Бұл мақсатқа жетуге оған жолдасы мен жаттықтырушысы көмектесті.

Нәзік Мария – рухы мықты әйел, ол бізге үлгі! Мариямен және оның командасымен, жұбайымен және жаттықтырушысымен кездестім. Ол шыңды бағындыру сәті, алдағы жоспарлары туралы айтты.

Марияның арманы – аяққа тұрып, сапалы аяқ протездерін алу. Біз оның арманын орындаймыз!» деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу: