Жаңалықтар
1 мин оқу 2,140

Бірнеше өңірде найзағай ойнап, жел соғады

<p style="text-align: justify;">28 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz </a>&laquo;Қазгидрометке&raquo; сілтеме жасап.</p>

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, кейде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман болады. Батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде және таңертең найзағай болуы мүмкін.

28 сәуірде Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Айта кетейік, алдағы күндері еліміздің кейбір өңірлерінде 38 градусқа дейін аптап ыстық болатыны хабарланған еді.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде найзағай ойнап, жел соғады · Egemen Qazaqstan