Елбасы
1 мин оқу 1,675

Менің арманым орындалды деп айтуға болады – Н. Назарбаев

<p style="text-align: justify;">Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында елдегі тұрақтылық хақында сөз қозғады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

- Осы жылдар ішінде мен әрқашан халықтың бірлігін, береке-бірлікті, қауіпсіздікті, тұрақтылық пен тыныштықты бірінші орынға қойдым. Кейбір оппозиция өкілдері: «Ол үнемі тұрақтылық, тыныштық туралы айта береді» дегенін естідім. Тұрақсыздық дегеннің несі жақсы? Біз тұрақсыздықтың қандай болып жатқанын көріп отырмыз. Революциядан-революцияға, соғыстан-соғысқа жүгірген ел дамымайды, ондай ел бәрінен артта қалады, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сондай-ақ ол елдегі тұрақтылық пен тыныштық халықтың өзіне байланысты екенін еске салды.

- Мен еліміздің бейбітшіліктің эпицентрі болғанын қалаймын. Соғыс зардаптары, ұлтаралық қантөгістердің, діни қақтығыстардың ешқашан болмағанын қалаймын. Осы орайда, бүгінгі таңда менің арманым орындалды деп айта аламын, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Бөлісу:
Менің арманым орындалды деп айтуға болады – Н. Назарбаев · Egemen Qazaqstan