Алматыда «Барахолка» өртенді
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы «Барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 29 сәуір күні таңғы сағат 09:25-те өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 116, «Кенжехан-1» базары мекенжайы бойынша шақыртуға шықты.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 9 минут ішінде сөндірілді», деп хабарлады ведомства өкілі.
Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.
