Аймақтар
1 мин оқу 213
Бір тәулікте 8 мыңнан астам алматылық вакцина салдырды
<p style="text-align: justify;">28 сәуір күні 8468 алматылық вакцина салдырды, оның ішінде 316 адам «QazVac» вакцинасын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.</p>
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 сәуірі аралығында барлығы 202 574 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 39 041 адам алды. Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
Бөлісу:
