Қоғам
1 мин оқу 220

Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </span></p>

Елорда әкімдігі үздік эскиз-идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.

Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шөкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат бүкіл елдің қабырғасын қайыстырғаны есте.

Бөлісу: