Пробация есебінде тұрған азаматқа құқықтық көмек көрсетілді
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған «Ж» есімді азамат соттың 28.06.2018 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Қазір ол ҚР ҚК-нің 63-бабы 1-бөлігі негізінде пробациялық бақылауда тұр. «Ж» есімді азамат пробация қызметіне кезекті тіркелуге келген уақытта жеке куәлігінің жоғалғандығын айтып, көмек сұраған.
Пробация қызметінің негізгі бағыттарының бірі – есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету.
«Осы орайда ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларының негізінде әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бағдарламасы әзірленді. Тиісті құжаттары өткізіліп, азаматтың жеке куәлігі қайта рәсімделді», деді Зайсан аудандық ПҚ инспекторы, әділет лейтенанты Ж.Орымханов.
