Қоғам
1 мин оқу 350

Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 2 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Сенбі және дүйсенбі күндері, яғни 1 және 3 мамырда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.⠀

Жолаушылар бетперде тағып жүруі міндет, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀

Жол ақысы карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді.

Бөлісу:
Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді · Egemen Qazaqstan