Павлодар облысында карантин күшейтілді
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қаулыға сәйкес, өңір бойынша ашық және жабық ғимараттарда салтанатты шаралар мен спорттық сайыстарды өткізуге тыйым салынған. Караоке-барлар, бильярд залдары, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылады.
Мәдениет объектілерінің, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынған. Балалар ойын-сауық орталықтары мен сауықтыру лагерьлері де жұмыс істемейді. Бұдан бөлек жиналыстарды бетпе-бет өткізуге рұқсат берілмейді.
«Облысаралық, облысішілік, қалааралық және ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Кезекші топтарды санамағанда мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне тыйым салынған. Демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесін өткізуге болмайды. Күшейтілген санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып ашық ауадағы аттракциондардың жұмысына рұқсат берілген», делінген қаулыда.
Еске сала кетейік, қазір Павлодар облысы «қызыл аймақта» тұр.
