Қоғам
1 мин оқу 1,080

Жетім балаларды өзіміз асырайық

<p style="text-align: justify;">Күні өткен кеңес заманындағы коммунистік идеологияның салдарынан жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ата дәстүрімізден айырылып, осы ұлттық құндылығымызды тәуелсіздік жылдарында да толық түгендей алмағанымыз анық. Соның салдарынан бесіктен белі шықпай жатып, &laquo;тастанды&raquo; атанған талай бейкүнә сәби заңды-заңсыз саудаға салынып, ұлтымызға ұят келтіріп тұрғандығы белгілі. Осы жөнінде &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінде &laquo;Сәби саудасы қашан тоқтайды?&raquo; (2021 жылғы 23 сәуір) деген тақырыппен жарияланған сыни мақала оқырман қауымды бейжай қалдырмаған сияқты.</p>

Жетім балаларды өзіміз асырайық

Қазақстандағы үлкен проблема  бейкүнә жас қазақ балаларын шетелдерге – Америкаға, Еуропаға, Израиль­ге беріп жатқанымыз. Шын мәнінде, бай америкалықтар біздің балаларымызды тірі ойыншық ретінде алуда. Өздері туып, қиналмай, нәрестені бағып-күтпей, даяр балаларды бізден сатып алады. Өйткені шетелде бала­лар­ға беретін жәрдемақы өте жоғары, сондықтан 2-3 бала асырап алса, соның ақшасына тәтті өмір сүруге болады. Америкалықтар Қазақстаннан алған балалардың қан­ша­сын көшеге тастап кетті және өл­тір­ді?

Біз бай елміз деп мақтанамыз, Ауған­стан, Тәжікстан, Қырғызстанға көмек береміз. Жақсы. Ал өз жетім балаларымызды асырай алмаймыз, қар­жы жоқ деп шетелге мыңдап жібе­ріп жатырмыз. Бұған қоса рес­пуб­ликада халық аз дейміз де, шетел­де жүрген қазақтарға азаматтық бер­мейміз. Жұмыс қолы керек деп, сырт­тан жат миг­рант­тарды шақы­ра­мыз. Бұл – үлкен қа­телік.

Қазіргі талқыланып жатқан заң жобасының орнына, шетелге қазақ балаларын жібермеу туралы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдер секілді заң қабылдау керек. Пар­ла­мент депутаттары, патриот екен­де­ріңізді көрсетіңіздер. Керек болса, бәріміз бір-бір баладан асырап алайық.

Сайлау БАТЫРШАҰЛЫ,

дипломат, профессор

Бөлісу: