Тағайындау
1 мин оқу 160

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы&nbsp;<a href="https://egemen.kz">Egemen.kz</a> primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі. Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м. а. болып бастаған.

2004-2011 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму Банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.

2014-2016 жылдары — «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры. 2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

Бөлісу:
Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы тағайындалды · Egemen Qazaqstan