Air Arabia әуе компаниясының рейстері қайта ашылады
<p style="text-align: justify;">Air Arabia әуе компаниясының рейстері қайта ашылатын болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.</p>
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы әуе рейстері қайта жанданады. Ұшақ аптасына 3 мәрте қатынайды. Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді «Air Arabia» әуе компаниясы 21 мамырдан бастап қайта жалғастырады.
«Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (3, 5 және 7 күндері бойынша) орындалады», делінген комитеттің хабарламасында.
