Ауа райы
1 мин оқу 1,240

Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">Қазгидометтің мәліметінше, Қазақстан территориясының басым бөлігінен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай болады,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</p>

Тек солтүстік және шығысында антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман күтіледі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің 15-20 м/с-ге дейін ытқып, таңға жуық тұман болады.

Ал Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-ге дейін күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман басады.

Бөлісу:
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Egemen Qazaqstan