Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 450

Батыс өңірде әскерилер вакцина салдырып жатыр

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде жылжымалы вакциналау бекеттері&nbsp; ашылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Батыс өңірде әскерилер вакцина салдырып жатыр

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазір әскерилерді вакциналау ерікті түрде жүргізіліп жатыр.

«Әскери қызметшілерге Қазақстанда өндірілген «Sputnik V» және «QazVac» вакциналары салынады. Барлық санаттағы әскери қызметшілерді, әсіресе, жаңадан шақырылған сарбаздарды қоса есептегенде, жеке құрамның шамамен 90% вакцина алды. Олардың ешқайсысында вакцинаның кері әсері байқалмады. Әскери қызметшілер өздерін жақсы сезінеді», дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы медициналық қызметінің бастығы,  медициналық қызметтің майоры Нағысхан Оразымбетов.

Оның айтуынша, Отан қорғаушылар күніне дейін әскери бөлімдерде вакцинаның І  компонентін салуды аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Батыс өңірде әскерилер вакцина салдырып жатыр · Egemen Qazaqstan