Тағайындау
2 мин оқу 482

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қаныбек Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауылында туған. Білімі: 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

1992-1993 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Каражанбасмунай» АҚ инженері. 1993-1995 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі.

1995-1997 жылдары Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті.

1997-1998 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі.

1998-2000 жылдары Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы.

2000-2004 жылдары Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

2004-2005 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы.

2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі.

2006-2007 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры.

2007-2010 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы.

2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары.

2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2015-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Xатшысы.

2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2020-2021 – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.

Бөлісу:
Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды · Egemen Qazaqstan