Аймақтар
1 мин оқу 293

Алматыда 234 адам жансақтау бөлімшелерінде жатыр

<p style="text-align: justify;">Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда 2021 жылдың 7 мамыр&nbsp; күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны тағы да 646 адамның жұқтырып алғаны анықталды, оның 600 симптомдық белгілері бар және 46 симптомсыз, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алматыда 234 адам жансақтау бөлімшелерінде жатыр

Мегаполисте кешегі тәулікте емделіп шыққандар саны – 243 болса, олардың орнына 312 сырқат келді.

Барлық инфекциялық стационарларда 3 399 алматылық індеттен емделіп жатыр адам,оның ішінде 106 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде – 234 сырқат жатыр. Оған қоса 4 659 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 046 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 613 симптомсыз.

Сондай-ақ, соңғы бәр тәулікте Алматы қаласында  3 018 адам вакцинация алды. Биылғы 1 ақпанннан бері Алматыда 247 104 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда 214 вакцинация пункті жұмыс істейді, 315 вакцинация бригадасына, 1 282 медицина қызметкері мен көшпелі мобильді бригадалар жұмылдырылған.

АЛМАТЫ

Бөлісу: