Спорт
1 мин оқу 124

Власов үздіктер қатарында

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Италия тасжолдарында велоспорттан дәстүрлі &laquo;Джиро д&rsquo;Италия&raquo; көпкүндігі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы үш кезеңінің қорытындысы бойынша Astana &ndash; Premier Tech командасының ең үздік нәтижесі Александр Власовқа тиесілі.</p>

Власов үздіктер қатарында

Биелле қаласынан басталған айтулы жарыстың үшінші кезеңі Канале қаласында мәреге жетті. 190 шақырымға созылған қашықтықты ең бірінші болып пелотоннан суырылып шыққан 27 жастағы Intermarche-Wanty-Gobert Materiaux командасының өкілі нидерландтық Тако ван дер Хорн бағындырды. Ол бұл аралықты 4 сағат 21минут 29 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды жеңімпаздан төрт секундқа қалып қойған италиялық Давиде Кимолаи (Israel Start-Up Nation) мен словакиялық Петер Саган (Bora-hansgrohe) иеленді. Astana – Premier Tech сапынан бұл кезеңде италиялық Фабио Феллин үздік болды. Фабио мәре сызығын 17-ші болып кесті.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте INEOS Grenadiers ко­ман­дасының велошабандозы Филиппо Ган­на 8 сағат 51 минут 26 секунд уақыт көрсеткішімен көш бастап тұр. Кейінгі орын­дарға Jumbo – Visma өкілі Тобиас Свендсен (16 секунд) және Deceuninck – Quick Step спортшысы Ремко Эвенепоэль (20 секунд) жайғасқан. Ал Ганнадан 27 секундқа кейін тұрған Александр Власов 7-орында келеді.

Бөлісу: