Бокс
1 мин оқу 181

Әлем чемпионаты Белградта өтеді

<p style="text-align: justify;">Бокстан ерлер арасындағы биылғы әлем біріншілігінің өтетін орны мен уақыты белгілі болды.</p>

Әлем чемпионаты Белградта өтеді

Халықаралық әуесқой бокс ассоциа­циясының (АИБА) таратқан ресми мәліметі бойынша, төрткүл дүниенің былғары қолғап шеберлері биыл Сербия астанасы – Белград шаршы алаңында бақ сынайды. Ал жекпе-жектер қазанның 26-сы мен қарашаның 6-сы аралығында өтеді. Әлем біріншілігі әдеттегідей 8 салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады.

Осыдан екі жыл бұрын Ресейдің Екате­ринбург қаласында өткізілген дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасының боксшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған еді.

Бөлісу:
Әлем чемпионаты Белградта өтеді · Egemen Qazaqstan