Оқиға
1 мин оқу 1,790

Ақтөбе облысында 5 және 6 жасар балалар суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 12 мамыр күні түнгі 22.29-да түскен. Бес және алты жасар екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері мен ТЖД психологтары шықты. Олар жеткенше ауыл тұрғындары судан 5 жасар баланың мәйітін алып шығаққан.

Кейін балалар үлкендердің қарауынсыз қалып, суға киімсіз түскені белгілі болды. Сағат 00.09-да құтқарушылар жағадан үш шақырым жерде, жеті метр тереңдіктен екінші баланың денесін тапты, ол алты жаста болған.

Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері ата-аналарға балаларына судағы қауіп туралы ескертіп, оларды қараусыз қалдырмауды өтінді. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында бес адам суға батып кетті, олардың үшеуі - ересек, екеуі - бала.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында 5 және 6 жасар балалар суға батып кетті · Egemen Qazaqstan