Аймақтар
1 мин оқу 263

Ақтөбедегі клиникадан өрт шығып, 200 адам сыртқа шығарылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 14:12-де Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесінде жеке клиникадан өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жертөлені ыс басып, өрт сөндірушілер негізгі ошақты анақтады. Аумағы 10 шаршы метрді құрайды. Мұнда бірден 42 қызметкер мен 7 техника өрт сөндіру жұмысына жұмылдырылды. Абырой болғанда, зардап шеккен адам жоқ. Ал клиника ішін түтін басқан кезде 200 адам сыртқа шықты», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Болжам бойынша от дәнекерлеу жұмысы кезінде тұтанған. Қазір төтенше жағдайлар қызметі негізгі себебін анықтап жатыр.

Бөлісу: